16:16, 24 Сәуір 2020 | GMT +6
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер қаралады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қандай мәселелер қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі дамудың әрі қарайғы шаралары қаралады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.