Қауіпсіздік Кеңесінде балалар мен әйелдерді қорғау мәселелері қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында балалар мен әйелдерді отбасылық-тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ана мен баланы жан-жақты қорғау қажеттігін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды, оның ішінде балалардың зорлық-зомбылығына байланысты тергеліп жатқан әрбір істі қатаң бақылауға алуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Талқылауға Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Закиева, уәкілетті орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Кеңеске қатысқан қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі қазақстандық қоғамда әлі де өзекті екенін атап өтілді. Мәселен, қылмыстық көрсеткіштердің жалпы төмендеуіне қарамастан, 2020 жылдың 8 айының нәтижелері бойынша отбасылық-тұрмыстық салада жасалған (598-ден 656-ға дейін немесе 9,7% - ға) қылмыстық құқық бұзушылықтар көбейген.

Пікірталас нәтижелері бойынша осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, қылмыстық істердің тиісті санаты бойынша құқық қолдану практикасына қадағалауды күшейтумен қатар, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, азаматтарды балалардың физикалық және рухани қол сұғуына жол бермеу рухында тәрбиелеуге назар аудару ұсынылды.

Осы тұрғыда Президенттің Көмекшісі- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев құқыққа қарсы арандататын контентті бұғаттау жөнінде, оның ішінде дәстүрлі отбасылық құндылықтарға мансұқтайтын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтікке итермелейтін әрекеттермен жұмысты жандандыруды тапсырды.

Әсет Исекешев орталық мемлекеттік және аймақтық орган басшыларын бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды. Бір реттік шығыны көп іс-шаралардан гөрі, тиімділігін дәлелдеген нақты іспен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға басымдық беруді тапсырды.

Құқық қорғау органдарына Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендерді жауапкершілікке тартуды қатаңдату бойынша және қаралып жатқан қылмыстық істерге кедергі жасап отырғандарды анықтап, сараптама жасауға тапсырмалар берілді.


Соңғы жаңалықтар