+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды

2021 жылғы 14 қаңтар 20:57
Бөлісіңіз:
Қауіпсіз жол: Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бір тәулікте жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды

Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Ақтөбе облысының аумағында жолда жүру тәртібін бұзушыларды анықтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Іс-шара 13-16 қаңтар аралығында өтеді. Алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде облыста жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталған.

«Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін 70 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, мас күйінде көлік басқарудың 8 фактісі, жолдың қарсы бетіне шығып кетудің 5 фактісі анықталып, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 20 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 82 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетудің 9 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауды, мүмкіндігінше алыс жолға шығуды шектеуді, ауа райының өзгеруі туралы ескертулерді қадағалауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT