+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қауіпсіз жол: Ақмола облысында бір күнде жол ережесінің 677 рет бұзылғаны анықталды

2020 жылғы 21 қараша 13:34
Бөлісіңіз:
Қауіпсіз жол: Ақмола облысында бір күнде жол ережесінің 677 рет бұзылғаны анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында бір күнде жол ережесінің 677 рет бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді Қостанай полицейлері Елбасына арналған көрме бұрышын ашты СҚО-да арнайы қызметтердің көлігіне жол бермегендер жазаланып жатыр

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел – алдын алу шарасы өтті. Оның мақсаты - жол-көлік оқиғаларына байланысты жағдайды сауықтырып, жолда болатын апаттардың алдын алу.

«Акцияның бірінші күні жол қозғалысы ережелерінің 677 рет бұзылғандығы анықталды. Оның ішінде 11 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Көлік жүргізу құқығынан айырылған 10 адамның рульде отырғаны, 56 жағдайда жылдамдықтың шамадан асырылғаны, 5 жағдайда рұқсатсыз көлікті қайта жабдықталғаны, 67 жағдайда қауіпсіздік белбеуінің тағылмағандығы, 40 жағдайда жүргізушінің рульде ұялы телефонмен сөйлескендігі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, маневр жасаудың 24 оқиғасы анықталды, 36 жүргізуші техникалық тексерудің болмағаны үшін жауапқа тартылды. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір жағдайы тіркелді. Арнайы тұраққа 18 авто-мото-көлік құралы қойылды», - деді ведомстовдан.

Акция барсында жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше көңіл бөлінді. Жедел алдын алу іс – шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзған 116 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT