+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды

2021 жылғы 25 ақпан 02:38
Бөлісіңіз:
Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда кәсіпкер 3 мың литрден астам алкоголь өнімін заңсыз сатпақ болған Мас жолаушының кесірінен Тараздан ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралды Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданғандар іспен танысып жатыр

Жолдағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылып жатыр.

Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады.

Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі.

Бейнекамералар заңсыз әрекетті анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету.

Оның бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді.

Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр.

Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану – ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді.

Қазірдің өзінде жобанының оң әсері байқалады.

Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 30%-ға азайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT