Қауіпсіз емес өнім үлгілері зертханада сынақтан өтеді – Бақыт Сұлтанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өнімді стандарттау мен сертификаттау жүйелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнім сапасы айналымының өсімін ынталандыруға стандарттау мен сертификаттау жүйелері тікелей байланысты. 1 шілдеден бастап техникалық реттеу туралы жаңа заң күшіне енеді. Заңмен нарықты бақылаудың институты құрылады. Бұл өз кезегінде «анықтау-сынықтан өткізу - нарықтан шығару» тәртібі бойынша жұмыс істейді», - деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, зертханалық сынақ жүргізу үшін қауіпсіз емес өнімнің үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіліп жатыр.

«Осы орайда өнімнің қозғалысы онлайн бақылауда болады, яғни сертификаттау мен тіркеу ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі. Кейіннен электронды сертификаттар Еуразиялық экономикалық комиссияның жалпы процестерімен интеграцияланады», - деді министр.

Осы жаңашылдықтар техникалық реттеу саласында қадағалау-бақылау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.


Соңғы жаңалықтар