«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында шекара бөлімшелерінің 50 типтік кешені салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында шекара бөлімшелерінің 50 типтік кешені салынады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтастай алғанда, шекара заставаларының материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтік объектілерінің жай-күйін тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты негізде жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті іс-шаралар қабылдайды», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері үшін қолайлы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау мақсатында «қауіпсіз ел» ұлттық жобасында шекара бөлімшелерінің 50 типтік кешенін (әкімшілік ғимараттардан, тұрғын үйлерден, асханалардан, казармалардан, монша-кір жуу кешендерінен, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қоймаларынан, гараждардан, тұратын қазандықтар, ат қоралар, қызметтік иттерге арналған питомниктер және басқалары) 2021-2025 жылдар аралығында 71 млрд теңгеден астам сомаға жобалау және салу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

«Бірінші кезектегі 20 шекара бөлімшелерінің құрылысына республикалық бюджеттен 31,5 млрд теңге (2022 жылы – 9,2 млрд теңге, 2023 жылы – 22,3 млрд теңге) бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар