Қауіпсіз байланыс үшін Blockchain технологиялары тиімді - Forbes

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдар туралы деректердің құпиялылығы цфрлық дәуірде құнды тауарға айнала бастағаны белгілі. Технологиялар дамыған сайын жеке ақпараттарымызды мұқият қорғау қажеттігі арта бастады. Forbes басылымының жазуынша, мұндай жағдайда Blockchain технологиялары көмекке келе алады.

«АҚШ-тағыFreedom House тобы 2018 жылы интернеттегі тәуелсіздік деңгейінің төмендегенін жариялады. Яғни, көптеген мемлекеттердің билігі интернетті бақылауға алған. Бүгінгі таңда жылдам байланыс пен жеке мәліметтердің құпиялылығы негізгі қажеттілікке айналды. Бірақ бір мезетте екі қоян атып, екеуіне де қол жеткізуге бола ма?» дей келе автор бұл тұста блокчейн технологияларының көмекке келе алатынын айтады.

«Бүгінгі таңда Mainframe, Urbit және Cent секілді компаниялар блокчейн жүйесінде коммуникация орнату туралы стартаптарын таныстырып жүр. Блокчейн дамудың жаңа толқыны ретінде жеке мәліметтер құпиялылығын сақтап, жеке деректерді бақылауға мүмкіндік бере алады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Blockchain технологиясы адамдар арасындағы байланысты, интернеттегі қарым қатынасты дамытып, жаңа деңгейге көтеретін болады.

Соңғы жаңалықтар