Қатты жылдамдықтағы көлік бұрылған кезде жүксалғыштағы балалар түсіп қалды

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Сочиде қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан автокөлік жүксалғышынан  кішкентай қыздың құлап кеткен сәті видеотіркегішке түсіп қалған.

 Оқиға видеосы YouTube арнасында жарияланды.

Видеодан баланың ашылып қалған көліктен қалай құлағанын, орнынавн көтеріліп жылап тұрғанын, ал автокөліктің кетіп қалғанын көруге болады. Оның ізімен келе жатқан автомобильден шыққан ер адам мен әйел балаға көмекке ұмтылды.

Алдын ала дерек бойынша, Volvo  автокөлігін жүргізген 39 жасар Сочи тұрғыны балаларын көліктің жүк салатын бөлігіне отырғызған. Әзірге анықтала қоймаған себеппен көліктің артқы есігі ашылып кетіп, балалар жолға құлаған. Үш жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал ұл балаға ешқандай зақым келмеген.

Әйелге қатысты «Адамдарды тасымалдау ережесін бұзу» бабы бойынша хаттама толтырылды. 

Соңғы жаңалықтар