Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қоршауға соғылды - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 18.00 шамасында болған. Петропавлға кіреберіс Қожаберген Жырау көшесінде Lexus автокөлігіне мінген жүргізуші рульге ие бола алмай, жол бойындағы қоршауға соғылған. 28 жастағы жігіт

ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жылдамдықты асырған. Салдарынан машинаға айтарлықтай зақым келді. Зардап шеккендер жоқ.

Тексеру барысында көлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішпегені расталды.

«Жол-көлік оқиғасына байланысты Әкімшілік кодекстің «Көлік жүргізушінің жолда жүру ережесін бұзу және көлік пен жолдың қоршауын және жол

бойындағы басқа құрылыстарды зақымдап, материалдық шығын келтіру» бабы бойынша материал жиналды», - деді баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар