Қатты жел кезінде әуе шарында отырған адам құлап түсті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Иллинойс штатындағы әуе шарлары фестивальіне келген Уэйн Жермен (Wayne Germain) мереке кезінде болған оқиғаны кездейсоқ түсіріп алды. 

Жерменнің айтуынша, 2017 жылдың 8 маусымы күні ауа райы қолайлы болған. Кенеттен қатты жел тұрып, екпінімен әуе шарларының бірін ұшырып әкетеді. Ол таяуда ғана жерден көтерілген шардың екіншісіне соғылып, бірнеше секундтан кейін төмен құлдилап жерге соғылды. Құлағаннан кейін жердің бетімен адамдар отыратын кабинасын сүйретіп, қайтадан ауаға көтерілді. Кезекті соғылыстан кейін әуе шарының ұшқышы кабинадан құлап, арқанынан ұстап үлгерді. Шар жерге үшінші рет соғылғанда барып ол жерге құлады.

Бұл уақытта әуе шарының адамдар отыратын бөлігінде шарды басқаруды меңгермеген тағы екі адам қалып қойған еді. Дегенмен, біраз уақыттан кейін олар аман-есен жерге қонды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұшқыш ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне төнген қауіп жоқ. 

Соңғы жаңалықтар