+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қатты жел, аптап ыстық – 4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 4 маусым 16:50
Бөлісіңіз:
Қатты жел, аптап ыстық – 4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Аптап ыстық, күшті жел - 8 облыс аумағында ескерту жарияланды 12 шілде күнгі ауа райы болжамы Найзағай, күшті жел, аптап ыстық – бес облыс аумағында ескерту жарияланды

5 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте қатты 35 градус ыстық болады.

5 маусымда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

5 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус ыстық, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні түстен кейін Ақтауда найзағай ойнап, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT