Қатты боран мен жел еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық жолдарды жабуға себеп болды - «Қазақавтожол» РМК

None
None
 АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қатты боран мен желге байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, қазіргі кезде Астанадан шығатын бағыттарда және  Ақмола облысы аумағындағы жолдарда  көлік қозғалысына  тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы өңіріндегі «Екатеринбор-Алматы» жолының  Қарағанды облысы мен Ақмола облысы аралығында және «Қызылорда-Павлодар» автожолының Қарағанды қаласы мен Павлодар облысы учаскесінде жолдар жабылды.

Бұдан бөлек, боран салдарынан Павлодар аумағындағы «Қызылорда-Павлодар» жолының Екібастұз-Қарағанды облысы аралығы, «Ульянов-Керней-Баянауыл-Майқайың- Қалқаман» жолының Баянауыл-Қарағанды облысы шекарасы, сондай-ақ «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының Шідерті-Ақмола облысы аралығында барлық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Мұнымен қоса, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі «Екатеринбор-Алматы» автожолының Рузаев-Ақмола облысы шекарасы, «Жезқазған-Петропавл» жолының Новоишим-Ақмола облысы аралығы, «Көкшетау-Рузаев» автожолының Еленовка-Ақмола облысы учаскесінде жолаушылар және жеңіл көліктер үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар