Қатты аязға байланысты Қарағанды мен Балқаш арасында көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сенсек, республикалық маңызы бар жолда шектеу енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бүгін сағат 23:00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына уақытша тыйым салынған.

Бұл - Қарағанды және Балқаш қалаларының арасын жалғайтын жол.

Оған ауа температурасының төмендеуі себеп болған.

Соңғы жаңалықтар