Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет алдағы күндері қатты аяздарға байланысты бірқатар өңірлерге қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5-6 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 5 ақпан күндіз, 6 ақпан түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 6 ақпанда түнде кей жерлерде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 6-7 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

5 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. 5-6 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с күтіледі. 6 ақпанда түнде ауа температурасы 12-17, кей жерлерде 22-27 градусқа дейін төмендейді.

6 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

6 ақпанда түнде Қостанай облысында ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз 43 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

6 ақпанда түнде Қызылорда облысында ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

6-7 ақпан аралығында түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде өте қатты аяз 45 градус күтіледі.

6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аяз болуы ықтимал.

Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда солтүстік өңірлерде аяз күшейіп, оңтүстік өңірлерде де күн суытады деп болжады.

Соңғы жаңалықтар