Қатты аяз: Қостанай облысында оқушылар бүгін мектепке бармайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы мен облыстың бірқатар аудандарының мектептері қатты аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Екінші ауысымда офлайн форматта тек жоғары сынып оқушылары оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, таңертең облыс орталығында ауа райының температурасы -30 градусқа дейін төмен түсті.

Осыған байланысты Қостанайда бірінші ауысымда оқитын барлық сыныптар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.

Бұдан кейін қалалық білім бөлімі мектептердегі екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін ақпарат таратты.

«29 желтоқсанда ауаның температурасы -29 градус. Қостанай қаласы мектептеріндегі екінші ауысымның 0-9 сыныптары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп хабарлады ведомстводан.

Білім бөлімінің ақпаратынша, бүгін қатты аязға байланысты бірінші ауысымда оқитын колледж студенттері де қашықтан оқиды.


Соңғы жаңалықтар