Қатты аяз: Астанада екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары үйден оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада екінші ауысымда білім алатын 0-7 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ресми мәлімет таратты.

9 желтоқсан күні ауа температурасынын төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары да ауа райына байланысты мектепке бармаған болатын.


Соңғы жаңалықтар