+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Катонқарағайдың Сарымсақты жотасында қар барысы алғаш рет фототұзаққа түсті

2021 жылғы 30 сәуір 11:10
Бөлісіңіз:
Катонқарағайдың Сарымсақты жотасында қар барысы алғаш рет фототұзаққа түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Катонқарағай ұлттық паркінің Сарымсақты жотасында қар барысы алғаш рет фотоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3000 га-ға дейін ұлғаяды Қарағанды облысының Сарышаған кентінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін не істеледі

Ұлттық парктің парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Panthera uncia қар барысы (Schreber, 1775) — Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген сүтқоректілердің сирек кездесетін түрі.

«Өткен жылы жануарларлар әлемін қорғау және өсіріп-өндіру бөлімінің бастығы Ерік Қасымов Сарымсақты жотасына БҰҰ Даму бағдарламасының «Әртүрлі пайда алу үшін негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және орнықты басқару« жобасын іске асыру аясында алынған фототұзақты орнатқан еді.

Бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген фототұзақ Алтай орманшылығының аумағында қар барысының түнгі өткелін түсіріп алды. Бұл - Сарымсақты жотасынан алынған алғашқы фото. Бұған дейін ұлттық паркте қар барысының фотолары мен бейнелері Алтай Тарбағатай жотасынан алынған болатын»,- делінген ұлттық парк ақпаратында.



Айта кетейік, осы жылдың 29 наурызында Алтай тауының Қазақстан бөлігінде қар барысы түсірілген (Panthera uncia) алғашқы видео Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің желідегі парақшасында жарияланған еді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бүгінгі таңда 130-ға жуық қар барысы бар екенін айтқан болатын.

Орман шаруашылығы өкілдерінің атуынша, соңғы уақытта өңірлерде қар барысы фототұзақтарға жиі түсе бастаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT