Катонқарағайда туризмнің жаңа түрі қолға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катонқарағай ауданында мәдени-танымдық туризмді дамыту қолға алынды, деп жазады Алтайньюс.

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның айтуынша, осы бағыттағы негізгі жұмыстар кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүргізілмек.

Соңғы жылдары табиғаты көркем бұл өңір Берел қорғанындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлері арқылы еліміздің ғане емес, әлемнің де туристерінің назарын өзіне аудартты. Сонымен қатар, Рахман қайнары, Мұзтаумен танылған өңірде мәдени-танымдық туризмді дамыту қиынға соқпас.

Жыл сайын жүздеген турист ағылатын Катонқарағай ауданында биыл «Темірлан» демалыс базасының «Баян» сауықтыру кешенін кеңейту жұмыстары да жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, Белқарағай ауылында пантымен емдеу орталығы ашылды.

Соңғы жаңалықтар