Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Катонқарағайда 2 турист мерт болды

2022 жылғы 23 маусым 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ШҚО облысына қарасты Белуха тауында ресейлік 2 альпинист турист қайтыс болып, тағы 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист турист қар көшкінінің астында қалды деген хабар түсті. Апат салдарынан 2 адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы, екіншісі 1988 жылы туған. Одан бөлек 1990 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы зардап шеккен және 32 жастағы бір альпинист аман қалды», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай туристерді құтқару үшін МИ-8 тікұшағы жіберілген.

«Оқиға орнына келген тікұшақ 1 метр биіктікте қалықтап тұрды. Бұл сәтте құтқарушылар қаза болғандардың денесін бортқа тиеді. Ал жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - дейді ведомстводан.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі тікұшақпен құтқару жұмысы 3000 метр биіктікте жүргізілгенін және әуе кемесі бірнеше рейс жасағанын хабарлап отыр.

Осы орайда өңірлік төтенше жағдайлар департаменті таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- Маршрутқа шығар алдында ТЖ қызметінде тіркелу қажет. Мұнда сіз маршруттың ерекшеліктері, бақылау уақыты және байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз;

- Ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдауға байыпты болыңыз;

- Өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек заттардың ішінде: жылы заттар, ұялы телефон үшін қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ, GPS навигаторын өзіңізбен бірге өткізген жөн.

Сапарда:

- Қозғалыс үшін ұзағырақ болса да, ең қауіпсіз маршрутты таңдау керек;

- Қозғалыс басталар алдында ықтимал қауіптерді мұқият бағалау, ауа-райы жағдайларын және кедергілердің ықтималдығын ескеру қажет;

- түрлі кенеттен болатын жаүдайларға дайын болу қажет және қауіп кезінде уақтылы сақтық шараларын қабылдау керек;

- Тек топпен қозғалу керек;

- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек;

- Қауіпті жартасты жерлерден өтпеңіз. Бос жатқан тастармен беткейлер мен ойықтарға өтпеңіз.



Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме