+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде құстың 300-ге жуық түрі мекендейді

2021 жылғы 2 тамыз 17:58
Бөлісіңіз:
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде құстың 300-ге жуық түрі мекендейді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркіне 20 жыл толды. Осыған орай, Өскеменде ерекше қорғалатын табиғи аймақтан әкелінген бірегей фотосуреттердің көрмесі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жиырма жылдығы галереясы» фотокөрмесін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері бірлесіп дайындады.

Көрмеде парктің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің қызметкерлері дайындаған 100 фотожұмыс ұсынылды.

Суреттер арқылы флора мен фаунаның қорғалатын нысандарын көруге және танысуға болады.

Дала жұмыстары барысында түсірілген фотосуреттермен қатар, Алтай жоталарының биік таулы бөлігінде орнатылған фототұзақтар жасаған кадрлар да ұсынылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме Катонқарағай саябағының 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы құрылды. Қазақстандағы ең ірі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мұнда Көккөл сарқырамасы, «Рахман қайнарлары« жылу көздері, Берел қорғандары, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы және 643 мың гектардан астам әсем табиғат аумағында шоғырланған басқа да көптеген көрікті жерлер бар. Өңірде құстардың 300 түрі, өсімдіктердің мың түрі және сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділер мен балықтардың жүзден астам түрі бар, – дейді Катонқарағай МҰТП бас директорының орынбасары Раушан Қырықбаева.

Көрмеде ұсынылған суреттер Катонқарағай паркінің сан алуандығын көрсетеді. Мұзтау шыңдарынан бастап Укока жазығына дейін паш етеді. Онда қар барысы, тырналар, алтай ұлары және көптеген басқа жануарлар мекендейді.

Айта кетейік, «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жиырма жылдық галереясы« фотокөрмесі Пушкин атындағы облыстық кітапханада бір ай бойы жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT