Католик шіркеуінің өкілі Джохар Царнаевтың тәубаға келгенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостон марафонындағы лаңкестік әрекеті үшін істі болған Джохар Царнаев өкініп, тәбасына келді, деп мәлімдеді қорғау тарапының куәгері, алқабилер мүшесі,католик шіркеуінің өкілі, діндар Хелен Прижан есімді әйел.

Хелен Прижан - өлім жазасына қарсы адамдардың бірі. Ол қорғау тарапындағы 40 куәгердің бірі. Алқа билер соты Царнаевқа қандай жаза беретінін осы аптада талқыламақ, деп хабарлады Би-би-си.

2013 жылдың сәуір айында ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтардың ұйымдастырған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланды.

Прижанның айтуынша, Царнаев жасаған ісіне шынайы өкініп, тәубасына келді. Айыптаушы жақ діндар әйелдің куәлігін қабылдамауды сұраған, алайда судья онымен келіспеді.

Соңғы жаңалықтар