«КАТЕV» қоры «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырмақ
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанның білім мен мәдениет саласында қызмет көрсету арқылы қазақ-түрік арасындағы достық пен татуластықтың алтын көпірі болып отырған «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры кең көлемде «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты мерекелік іс-шара өткізеді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарланды.
Мерекелік салтанатқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Түркия Республикасының Парламент төрағасының орынбасары Мехмет Саглам, Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Омер Тузель, Түркия еліндегі «Фатих» университетінің ректоры, профессор Шериф Али Текалан, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры президенті Мехмет Месут Ата, Сүлейман Демирел университетінің ректоры, профессор Месут Акгүл, ҚР Президенті әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, Республикалық білім орталықтарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысады. Шара аясында жастарға сапалы білім мен тәлімді тәрбие беріп, Қазақстанның оқу-ағарту саласының дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан қазақ-түрік лицейлерінің ұстаздары арнайы марапатталатын болады.
«Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы қарым-қатынас тəуелсіздіктің алғашқы жылдары қарқынды дамып, еларалық келісім негізінде «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры құрылды. Еліміздің білім саласының дамуына ықпал етіп, дарынды жастарды дайындауға, олардың жарқын болашағын қалыптастыруға жол ашатын қазақ-түрік лицейлері ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы саны, 29 қазақ-түрік лицейлері, сондай-ақ, еліміздің бас қаласы - Астанада және Өскемен қаласында «Нұр Орда» халықаралық білім кешені, Алматы және Тараз қаласындағы колледждер, Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы университет бар» делінген баспасөз хабарламасында.
- «Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды
- ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі
- Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы
- Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
-
21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
-
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам