Қатерлі ісікті жеңген 19 жасар футболшы Астананың ең үздік отбасына айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқушылар сарайында «Үздік жас отбасы» байқауының салтанатты соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

70 өтінімнің ішінен іріктеліп алынған Астананың үздік 10 отбасы Оқушылар сарайының сахнасында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасына отбасылық ұйымшылдығын, махаббат, достық және өзара түсіністіктерін дәлелдеді.

Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша Азат пен Әлия Жұмағұловтар үздік жас отбасы деп танылды.  2-орынды Ерген мен Гаухар Кенжеғұловтар иеленсе, і 3-орын Бахтияр мен Шадияр Мұхаметқалиевтерге бұйырды.

«Менің ойымша, осы тектес шаралар отбасының ұйымшылдығын арттырады. Біз үшін күтпеген жеңіс болды. Шынымды айтсам, өтінімді соңғы мезетте бердік. Өте қуаныштымыз! Бұл сайыстан кейін бір-бірімізді бұрынғыдан жақсырақ түсінетіндейміз» ,- деп ағынан жарылды жеңімпаздар отбасы.

Финалистердің қатарында - «Астана» ФҚ бұрынғы тәрбиеленушісі Бахтияр Мұхамбетқалиев, «Ұлттық Ұлан» оркестрінің аға музыканты Айдос Қодығанов, Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігері Ерген Кенжеғұлов бар.

«Біздің басты мақсатымыз - жас отбасыларға қандай жағдай болмасын бірге болу және бір-бірін жақсы көру керек екенін көрсету. Себебі, біздің отбасымыздың басынан өткен жағдайларды, тіпті, дұшпаныңа да тілемейсің» ,- деп бөлісті байқауға қатысудан алған әсерімен аяғынан айрылып, қатерлі ісікті жеңген 19 жасар футболшы Бахтияр Мұхамбетқалиев. 

 «Үздік жас отбасы» сайысы нағыз отбасылық мерекеге айналды.

Сайыстың жүлде қоры 800 мың теңгені құрады, аталмыш сома соңғы кезеңге өткен қатысушыларға үлестірілді: 1-орын иегерлеріне - 200 мың теңге, 2-орын - 150 мың теңге, 3-орынға - 100 мың теңге және жүлделі орын алмаған отбасыларға 50 мыңнан ынталандыру сыйлықтары. 

Соңғы жаңалықтар