Қатерлі ісікке қарсы күрес күні: Астаналықтар тегін кеңес алып, тексеруден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Айтулы күн аясында елорда тұрғындары үшін «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 1-4 ақпан аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша «Ашық есік» күнін өткіздік. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында 2 мыңға жуық жаңа қатерлі ісігі бар науқас тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 11 548 мың адам тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада осындай дертпен 1898 адам тіркелді. Қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 2019 жылы 100 мың адамға шаққанда 195,0-ті құраса, 2020 жылы 100 мың тұрғынға 164,0-ті құрады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев атаулы күнге орай онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысының мәлімдеуінше, аталған шара аясында елордалықтар қатерлі ісіктің алдын алу мен анықтау бағытында тексеруден өтіп, мамандардан тегін кеңес алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада жыл сайын 2 мыңға жуық адам обырға шалдығатыны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар