Қателіктеріммен, қалада қордаланған мәселелермен 24 сағат бойы жұмыс істеп келемін - Ерболат Досаев

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өз қателіктеріммен, қаланың қордаланған мәселелерімен тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істеп келемін. Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаевтың қала халқымен кездесу барысында жергілікті тұрғын №48 мектеп оқушылары ата-аналарының атынан алаңдаушылығын жеткізіп, сұрақ қойған.

«№48 мектептің пайдалануға берілмей жатқанына екінші жыл болды, оны беру мерзімі үнемі кейінге шегеріліп келеді. Соның кесірінен балаларымыз басқа мектепке екінші ауысымға барып оқып жүр. Қашан өз мектебімізге барады?»,- деп сұрады қала тұрғыны.

Өз кезегінде Ерболат Досаев №48 мектеп жыл соңында дейін пайдалануға берілетінін айтты.

«Мектептің құрылысы кезінде жаңа корпустың астынан жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін тастар табылды. Қаланың жаңа әкімі ретінде айтайын, мен тәулігіне 24 сағат өзімнің қателіктеріммен және қалада қордаланған мәселелермен жұмыс істеп келемін. Өкінішке қарай, құрылыс компаниялары әрдайым өздеріне міндеттемелер алады, ары қарай оларда міндетті түрде бірдеңе табылады. Дегенмен, келісімшарт міндеттемесі бойынша барлық жұмыстар 30 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Осыған орай, ұсақ жұмыстар біткен соң, құрылыс жұмысы толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп сенеміз», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар