+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қателік жіберсе, дәрігер де қылмыстық жауапқа тартылуы керек – Біртанов

2020 жылғы 29 мамыр 20:00
Бөлісіңіз:
Қателік жіберсе, дәрігер де қылмыстық жауапқа тартылуы керек – Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің жауапкершілігі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Астана күніне орай жаңа медициналық орталық іске қосылады Қарағанды облысында жаңа денсаулық сақтау нысандары пайда болды Бақытжан Сағынтаев медицина қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды тапсырды

«Дәрігерлер ешқандай жауапкершілік артпауы керек деп ақ халатты абзал жандардың бірі де айтпайды. Әлемдік нормалар мен талаптар бар. Дәрігерлер де қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін, қателік жіберсе тартылуы да керек. Атап айтқанда егер дәрігер медициналық көмек көрсетпесе немесе есірткі затының айналымымен байланысы болса әлбетте жазаланады. Алайда, Президент «дәрігердің қателігі» мен «олақтықтың» ара жігін ажыратуды тапсырды. Міне, осы мәселе төңірегінде талқылау болады. Себебі біз – медицинадағы келеңсіздіктермен күрес жүргізу және медициналық көмектің стандарттарын сақтауда толыққанды жауапкершілікті мойнымызға аламыз және оған кепілдік береміз деуіміз керек», - деді Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында «Хабар 24» арнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуына қарағанда, дәрігердің барынша жұмыс жүргізгенін, алайда «медициналық оқиғаның» тіркелу жағдайын да ажыратып алу керектігін айтып өтті.

«Дәрігер медициналық қызметті көрсету кезінде қандай да бір стандарттардың сақталмағаны анықталса – ол қылмыстық жауапкқа тартылмауы керек. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Ең бастысы ол жерде дипломнан айыруға дейінгі кәсіби жауапкершіліктің де барын ұмытпау керек», - деді Елжан Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT