Қате қаңтарылған көліктерді автоматты түрде анықтау жүйесі аулаларды қамтымайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы қате қаңтарылған көліктерді автоматты түрде анықтау жүйесі аулаларды қамтымайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуші автоматты жүйе қазіргі таңда елорданың бүкіл аудандарындағы жолдардың көшедегі бөлігіне ғана орнатылған. Тұрғын үйлердің аулаларындағы учаскелерді бейнетіркеу қамтымайды», - деп жазды департаменттің баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Сондай-ақ, ведомство мамандары көлік құралын дұрыс қаңтармағаны үшін иелеріне 3 айлық есептік көрсеткіштен 15 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін еске салды.

Бұған дейін ел астанасында көлігін жол бойына қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салынатыны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар