Қатарынан 18 жеңіс: UFC қазақстандық жекпе-жек шеберін «қауіпті спортшы» деп таныды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – UFC-дің Twitter-дегі еуропалық аккаунты қазақстандық жекпе-жек шебері Дамир Ысмағұловтың (23-1) Лас-Вегаста өткен UFC Flight Night 188 турниріндегі ойынын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ысмағұлов бразилиялық боксшы Рафаэль Алвесті (19-10) төрешілердің бір ауыздан қабылданған шешімімен жеңді.

«Не дейік, бұл 18 ойыннан тұратын жеңісті серия болып отыр! Дамир Ысмағұлов – осы дивизиондағы нағыз қауіпті спортшы», - деді UFC-де.

Ысмағұлов ММА-да жалғыз рет 2015 жылы жеңілген. Оның UFC-дегі ойындарына келер болсақ, төрт ойынның төртеуінде де жеңіске жетті – ол Тьяго Мойзесті (15-4), Хоэль Альваресті (18-2), Алекс Горджесті (7-1) және Рафаэль Алвесті (19-10) жеңді.


Соңғы жаңалықтар