Қатардың бұрынғы мұрагер ханзадасы «Манчестер Юнайтедті» сатып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жаңа иесі – Қатардың мұрагер ханзадасы Джассим атанды. Бұл туралы Анадолы агенттігі The Sun-ға сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шейх Джассим «Манчестер Юнайтедті» иемдену күресінде жеңіске жетіп, клубты 6 млн стерлингке сатып алуды қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Қатар королі отбасының мүшесі британдық миллиардер сэр Джим Рэтклиффтің алдын орап кетті. Рэтклифф клубты сатып алғаннан кейін оның қазіргі иелері – Глейзер отбасына клубтағы үлесін сақтап қалуға мүмкіндік бермек еді.

Глейзерлер Мю-дегі үлесін сақтап, клуб акционерлері қатарында болуды көздеген, бірақ оларға фанаттар тарапынан жағымсыз пікір жауатынын ескертті.

Глейзер отбасы 2005 жылы «Манчестер Юнайтедті» 800 млн фунт стерлингке сатып алған болатын.


Соңғы жаңалықтар