Катардағы ана мен бала орталығында науқастарды музыкамен емдейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарда құны 8 млрд долларды құрайтын Sidra Medicine ана мен бала ғылыми-зерттеу медицина орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sidra Medicine жаңа медициналық орталығын Катар білім беру, ғылым және қоғамдық даму қорының төрағасы Шейха Моза бинт Нассер ашты.

Шейха Моза Дохада Education City ғылыми технопаркі мен университет қалашығының негізін қалаған. Оның пікірінше, Sidra Medicine - медицина саласындағы ерекше жаңалық және Катар Мемлекетінің инновациялық денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етудегі кезекті жетістік.
null 

Осындай бірегей академиялық медицина мекемесінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да 100 елден келген 4 мың жұмысшымен қоса, музыканттар да бар. Себебі, ғалымдардың пікірінше, музыка тиімді көмекті терапия саналады.
null 

Кешенді танымал аргентиналық сәулетші Сезар Пелли салған. Ол Куала-Лумпурдағы Петронас мұнараларының және Нью-Йорктегі Дүниежүзілік қаржы орталығының авторы.

«Sidra Medicine - білім, жаңалықтар және денсаулықтың жаңа шамшырағы. Шейха Мозаның басшылығының арқасындамол табыстарға қол жеткіздік. Мұнда білікті дәрігерлер мен жаһандық деңгейдегі беделді ғалымдар бірлесіп жұмыс істейді», - деп атап өтті Sidra Medicine бас директоры Питер Моррис.
null 

Қазақстандық дәрігерлер Sidra Medicine орталығындағы балалар кардиологы, невролог, уролог, хирург және басқа да мамандармен байланыс орнатты. 

null 

Соңғы жаңалықтар