Қатар-2022: Уругвай плей-офф сатысына шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін H тобында үшінші турда Гана мен Уругвай құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

FIFA рейтингісінде Гана - 61, Уругвай 14-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. Біреуінде уругвайлықтар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Турнир кестесінде Гана құрамасы Уругвайдан жоғары тұрған еді. Олардың еншісінде үш ұпай болса, уругвайлық футболшылар небәрі бір ұпайды еншіледі.

Осыған байланысты Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері тізгінді қолға ұстауға тырысты. Нәтижесінде Хиорхьян де Арраскаета 26, 32-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Осылайша Уругвай Гананы 2:0 есебімен жеңгенімен, плей-офф сатысына шыға алмады.

Аталған топта Оңтүстік Корея құрамасы Португалиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 1:00-де G тобында Сербия мен Швейцария, Камерун мен Бразилия құрамалары кездеседі.

Айта кетсек, қазірге дейін 1/8 финал ойындарына Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Сенегал, Англия, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Ховатия құрамалары жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар