Қатар-2022: Топтық кезеңде қанша пенальти белгіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінен кейін бірқатар статистикалық деректер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатына барлығы 850-ден астам футболшы келді. Қазірге дейін олардың арасынан 653-і жасыл алаңға шығып үлгерді.

*Футболшылардың 246-сы өз құрамасы сапында үш кездесуге де қатысты. Ал, 117-сі ешқандай алмаспай, 270 минутты түгелдей ойнады.

*Құрамадағы әріптестеріне голға айналған пас шығару жөнінен англиялық Гарри Кейн көш бастап тұр. Ол үш ойында үш мәрте құрамадағы әріптесіне пас шығарып, ол голға айналды. Одан кейінгі орындарда португалиялық Бруну Фернашдеш, франциялық Тео Фернандес секілді жеті футболшы екі мәрте пас берді. Жалпы, нәтижелі пас берген 77 футболшы бар.

*Ал, гол соғу және пас беру жөнінен испаниялық Альваро Морато мен франциялық Килиан Мбаппе бірінші орында келеді. Олар үш мәрте гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берді. Ал, португалиялық Бруну Фернандеш қақпаны екі мәрте дәл көздеп, екі мәрте нетижелі пастың авторы болды.

*Топтық кезеңде әзірге германиялық қақпашы Мануэль Нойер мен марокколық қорғаушы Наиф Агер өз қақпаларына гол соғып алды.

*Қазірге дейін қарсыластар қақпасына 14 пенальти белгіленді. Оның 5-еін қақпашылар қайтарып үлгерді. Аргентиналық Леоенль Месси екі мәрте пенальти орындап, біреуін соға алған жоқ. Cондай-ақ, гол соға алмаған футболшылар қатарында португалиялық Бруну Фернандеш, канадалық Альфонсо Дэвис, ганалық Андре Айю, польшалық Роберт Левандовски, Сауд Арабиясынан Салем Аль-Давсари бар.

*Топтық кезеңде 154 футболшыға қызыл және сары қағаз көрсетілді. Олардың арасынан уэльстік қақпашы Уэйн Хеннессиге дөрекі қимылына байланысты бірден қызыл қағаз берілді.

Еске салсақ, сұрмергендер көшін үш голмен бес футболшы бастап тұр.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді.

Ал, Сауд Арабиясы құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің антирекордын тіркеді.

Фото: AFP


Соңғы жаңалықтар