Қатар-2022: Сұрмергендер көшін үш голмен бес футболшы бастап тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңінен кейін сұрмергендер көшін үш гол соққан бес футболшы бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада қазірге дейін барлығы 90 футболшы гол соғып үлгерді. Олардың арасынан англиялық Маркус Рашфорд, испаниялық Альваро Мората, франциялық Килиан Мбаппе, нидерландтық Коди Гакпо және эквадорлық Энвер Валенсия үш мәрте қақпаны дәл көздеді.

Ал 18 футболшы екі голдан соқса, қалғаны әзірге бір ғана мәрте мергендік танытты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің антирекордын тіркеді.


Соңғы жаңалықтар