Қатар-2022: Польшаны ұтқан Франция ширек финалға жолдама алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция – Польша құрамалары ширек финалдың жолдамасын сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Матчты француздар қарқынды бастаса, поляктар да қарап қалмады.

Әуелі 30-минутта Оливье Жиру бос қақпаға гол соға алмай, қапы қалды. Ал 38-минутта Франция қақпашысы Уго Льорис пен қорғаушылар сәтті қорғана білді.

44-минутта Килиан Мбаппеден пас алған О.Жиру Польша қақпашысы Войцех Щенсныдан айласын асырып кетті – 1:0.

Бұл - оның Франция құрамасы сапындағы 52-інші, рекордтық голы еді.

Екінші кезеңде 74-минутта француздар қарсы шабуылды сәтті ұйымдастырды.

О.Жиру допты оң қапталдағы Усман Дембелеге жылжытты. У.Дембеле сол қанаттағы К.Мбаппені тапты. Мұны мүлтіксіз пайдаланған Килиан есепті 2:0-ге жеткізді.

Сөйтіп ол әлем чемпионаттарындағы сегізінші голын соқты. 91-минутта К.Мбаппе тоғыздықты дәл көздеді – 3:0.

23 жастағы Килиан Мбаппе осы чемпионатта 5 голмен жекедара мергендер көшін бастады.

Матч соңында венесуэлалық Хесус Валенсуэла Франция қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Роберт Левандовскидің тепкен добын әуелі У.Льорис қақшып алды.

Бірақ төреші Р.Левандовсиге пенальтиді қайта орындатты. Бұл жолы 99-минутта Польша капитаны мүлт кетпеді.

Осылайша, Польшаны 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған Франция 10 желтоқсанда Англия немесе Сенегал командасының біреуімен жартылай финалға шығу үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Месси бастаған Аргентинаның ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Месси «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты.

Оливье Жиру Франция құрамасының үздік мерген ойыншысы атанды.

Соңғы жаңалықтар