Қатар-2022: Месси мен Мбаппе үздік ойыншылар тізімінде көш бастап тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Лионель Месси мен Килиан Мбаппе Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында үздік ойыншылар тізімінде көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Goalбасылымы жартылай финалдық матчтар өткеннен кейін үздік он ойыншының тізімін жаңартты.

Бұдан бұрынғы тізіммен салыстырғанда, үздік үштік өзгеріссіз қалды. Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси көш басында болса, Франция шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн екінші, үшінші орында.

Үздік ондық:

Лионель Месси (Аргентина);

Килиан Мбаппе (Франция);

Антуан Гризманн (Франция);

Софьян Амрабат (Марокко);

Ашраф Хакими (Марокко);

Николас Отаменди (Аргентина);

Хулиан Альварес (Аргентина);

Оливье Жиру (Франция);

Бруну Фернандеш (Португалия);

Ришарлисон (Бразилия).

Үздік ондықтағы өзгеріс, оған Аргентина қорғаушысы Николас Отаменди, шабуылшысы Месси Хулиан Альварес және Франция сұрмергендерінің бірі Оливье Жиру кірді.

Он футболшының сегізі өз елдерінің құрамасы сапында әлем чемпионатының жүлдесі үшін таласады.

17 желтоқсанда қола жүлде үшін Хорватия мен Марокко жасыл алаңға шығады. 18-інде финалда Аргентина мен Франция ойнайды.

Футбол жанкүйерлері Аргентина мен Франция матчында алдымен Л.Месси мен К.Мбаппе бәсекесіне көз тігері анық. Қазір екеуінің де еншісінде 5 голдан бар. Финалда қайсысы гол соғып, командасына жеңіс әпереді, сол алға шығып, чемпионаттың үздік ойыншысы атануы әбден мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Франция құрамасының қақпашысы Уго Льористің Мануэль Нойердің жетістігін қайталағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ футболдан әлем чемпионатында Франция финалға шықты.

Франция – Марокко матчында үздік ойыншы атанған Антуан Гризманн рекорд жаңартты.

Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды.


Фото: www.goal.com

Соңғы жаңалықтар