Қатар-2022: Месси Аргентинаны плей-оффқа шығара ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 30 қараша күні С тобында үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған топтағы екі ойын да елорда уақытымен 1:00-де басталады.

Бұл топтағы барлық құраманың жарысты жалғастыруына мүмкіндігі бар. Екі турдан кейін Польшада - 4, Аргентинада - 3, Сауд Арабиясында - 2, Мексикада - 1 ұпай.

Польша мен Аргентина ойыны «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 44 089 жанкүйерге арналған «Стэдиум 974» стадионында өткізіледі. Бас төреші – Данни Маккели.

FIFA рейтингінде Польша - 26, Аргентина 3-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 3-еуі Польшаның, 6-ауы Аргентинаның басымдығымен аяқталса, 2 кездесу тең қорытындыланды.

Сауд Арабиясы мен Мексика ойыны да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Лусаил қаласындағы 88 966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өткізіледі. Бас төреші – англиялық Майкл Оливер.

FIFA рейтингінде Сауд Арабиясы - 51, Мексика 13-орында тұр.

Екі құрама бұған дейін 5 мәрте кездесті. Оның бірінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында мексикалық футболшылар басым түсті.

Еске салсақ, Нидерланд бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты.

Фото: cdn.vox-cdn.com


Соңғы жаңалықтар