Қатар-2022: Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысқан Мексика құрамасының бас бапкері Херардо Мартино қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

FOX Soccer сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бапкер Сауд Арабиясымен өткен матчтан кейін қызметтен кететінін мәлімдеген.

Мексикалықтар саудиялықтарды 2:1 есебімен жеңгенімен, плей-офқа шыға алмады.

«Төреші ысқырығы шалынғаннан кейін менің келісімшартым аяқталды, бұған ештеңе істей алмайсың. Бірінші кезекте команданың осындай ойынына мен жауаптымын», - деді Мартино.

С тобынан Аргентина мен Польша келесі кезеңге өтті. 3 желтоқсан күні Аргентина Аустралиямен, 4-інде Польша Франциямен ¼ финалдың жолдамасын сарапқа салады. Мексикамен бірге Сауд Арабиясы да плей-офф кезеңінен тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе Туниспен ойынға қатыспауы мүмкін.

Тунистен ұтылған Франция өз тобында бірінші орынға ие болды.

Әлем чемпионаттарында матч өткізу жөнінен Месси Марадонаның рекордын жаңартты.

Аргентина өз тобынан бірінші орынмен плей-офқа өтті.


Фото: mlssoccer.com

Соңғы жаңалықтар