Қатар-2022: Марокколық қақпашы ойын басталмастан алмасып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатындағы Марокко мен Бельгия кездесуінде қызықты жағдай болды.

Марокколық қақпашы Яссин Боно алғашқыда негізгі құрамда алаңға шығып, ойын басталмастан орнын Моханд Мунирге босатып бергені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға барысы былайша өрбіген. Яссин Боно негізгі құрамда алаңға шықты, одан кейін әнұранды орындады. Қарсылас құрама ойыншыларымен қол алысты. Содан кейін орнын әріптесі Моханд Мунирге босатып беруге мәжбүр болды.

Оған басты себеп ретінде Яссин Бононың ойын алдындағы жаттығу барысында алған жарақаты айтылуда. Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграгуи оны алғашқыда негізгі құрамға қосты. Дегенмен футболшының денсаулығына зиян тимеуі үшін оны ойын басталмастан басқа қақпашыға ауыстырған.

Еске салсақ, F тобында сынға түсетін Марокко құрамасы сенсация жасап, Бельгиядан басым түсті.

Аталған құрама бірінші турда Хорватиямен тең ойнады.


Фото: : BUDA MENDES/GETTY IMAGES

Соңғы жаңалықтар