Қатар-2022: Қай елдің біріншілігінен көп ойыншы келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Англия біріншілігінен ең көп ойыншы келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додаға барлығы 830 футболшы келді. Олар 42 мемлекеттің доп додасында ойын көрсетеді. Олардың арасында Англия біріншілігінен 159 ойыншы Қатар жеріне қадам басты. Бұл жөнінен алғашқы бестікте Испания (87), Германия (81), Италия (68) и Франция (57) мемлекеттері тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында ең ұзын ойыншы кім екені анықталды.

Ал Жапония жанкүйерлері ойыннан соң стадионды қоқыстан тазартып кетті.


Фото: abc.com.py

Соңғы жаңалықтар