Қатар-2022: Испания құрамасы пенальти тебуден антирекорд жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихында антирекорд тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған құрама Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/8 финалда Марокко құрамасына пенальти сериясынан 0:3 есебімен жол беріп қойды.

Ойынның негізгі және қосымша кезеңдерінде 0:0 есебі тіркелді.

Испаниялық футболшылар әлем чемпионатында бесінші мәрте пенальти сериясына қатысты. Оның төртеуінде қарсыластарына есе жіберді.

Ал Англия мен Италия үш мәртеден пенальти сериясында ойдағыдай нәтиже көрсете алмады.

Қазірге дейін 1/4 финалға жолдама алған жеті құрама белгілі болды.

Жарыстың аталған сатысында 9 желтоқсанда Хорватия мен Бразилия, Нидерланд пен Аргентина, 10 желтоқсанда Англия мен Франция құрамалары шеберлік байқасады.

Ал Марокконың қарсыласы Португалия мен Швейцария кездесуінен кейін анықталады.

Қазір өтіп жатқан аталған ойында португалиялық футболшылар 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар