Қатар-2022: Хорватиялық қақпашы пенальти сериясында сэйв жасаудан рекордтық көрсеткішті қайталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватиялық қақпашы Доминик Ливакович пенальти сериясында сэйв жасау жөнінен рекордтық көрсеткішті қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доминик Ливакович футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты 1/4 финалда Бразилия құрамасымен кездесуде ойын соңындағы пенальти тебуде Родригоның соққысын қайтарды. Ал 1/8 финалда Жапония ойыншылары соққысына қарсы 3 сэйв жасады.

Осылайша ол бір турнир барысында 4 сэйв жасаған қақпашылар қатарына қосылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке екі қақпашы ие болған еді. 1990 жылы аргентиналық Серхио Гойкочеа мен 2018 жылы Хорватии Даниель Субашич осындай көрсеткішімен көзге түсті.

Еске салсақ, Хорватия құрамасы Бразилияны пенальтиден жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.


Фото: championat.com


Соңғы жаңалықтар