Қатар-2022: Хорватия құрамасының қақпашысы соққыны қайтару жөнінен үздік атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында соққыны қайтару жөнінен үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қақпашы әлем біріншілігінің жеті кездесуінде барлығы 25 соққыны қайтарды.

Ливакович осыған дейін көш басында болған Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсныдың көрсеткішінен (23) асып түсті. Бірақ В.Щенсны чемпионатта төрт-ақ матч өткізді.

Бес кездесуде 18 сэйв жасаған нидерландылық қақпашы Андрис Нопперт үздік үштікті түйіндеп тұр.

Бүгін әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамалары алтын үшін таласады. Дегенмен бұл елдің қақпашылары Уго Льорис пен Эмилиано Мартинес үздіктер көрсеткішін жақсарта қоюы неғайбыл, олардың еншісінде тиісінше 10 және 5 сэйвтен бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан «Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы үшін 50 млн еуро төлеуге дайын екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Хорватия құрамасы Мароккодан басым түсіп, қола жүлде жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар