Қатар-2022: Хорватия Канаданың осал тұсын таба ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының сегізінші ойын күнінде, 27 қарашада F тобында екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл топтағы Бельгия мен Марокко кездесуі 19:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын ел астанасы Доха қаласындағы 44400 жанкүйерге арналған «Эль-Тумама» стадионында өткізіледі.

Бас төреші - мексикалық Сесар Артуро Рамос. оған отандастары Альберто Морин Мендес пен Мигель Анхель Эрнандес Паредес көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Ёсими Ямасита.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның екеуінде бельгиялықтар жеңіске жетсе, біреуінде марокколық футболшылардың мерейі үстем болды.

Аталған топтағы Хорватия мен Канада ойыны елорда уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 45857 адамға арналған «Халифа Интернейшнл» стадионында өткізіледі.

Бас төреші уругвайлық Андрес Матонте. Оған отандастары Николас Таран мен Мартин Соппи көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - перулік Кевин Ортега.

Екі құрама өз тарихында тұңғыш мәрте кездеседі.

Алғашқы турда Бельгия канаданы жеңсе, Марокко мен Хорватия тең түсті.

Айта кетсек, аталған топта екінші турда С тобында Польша Сауд Арабиясын, Аргентина Мексиканы тізе бүктірді.

Еске салсақ, D тобында екінші турда Франция құрамасы Даниядан басым түссе, Аустралия Тунисті жеңіп кетті.


Фото: sportskeeda.com

Соңғы жаңалықтар