Қатар-2022: Германия құрамасы плей-офф сатысына шыға ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының сегізінші ойын күнінде, 27 қарашада Е тобында екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл топтағы Жапония мен Коста-Рика кездесуі елорда уақытымен 16:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Аль-Райан қаласындағы 45032 жанкүйерге арналған «Ахмед бин Али» стадионында өткізіледі.

Кездесуде англиялық Майкл Оливер бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Стюарт Бёрт пен Саймон Беннетт көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - сенегалдық Магетт Н'Диайе.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде жапониялықтар жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Алғашқы турда Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңсе, Коста-Рика Испанияға ірі есеппен ұтылды.

Ал аталған топтағы Испания мен Германия кездесуі елорда уақытымен 01:00-де«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу Эль-Хаур қаласындағы 68895 жанкүйерге арналған «Эль-Байт» стадионында өткізіледі. Бас төреші - нидерландылық Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стегстра мен Ян де Врис (Нидерланды) көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі құрама бұған дейін 13 мәрте кездесті. Оның бесеуінде испаниялық, үшеуінде германиялық футболшылар жеңіске жетсе, қалған ойын тең нәтижемен аяқталды.

Сондай-ақ, бүгін F тобындағы Бельгия мен Марокко кездесуі 19:00-де «Qazsport», 22:00-де Хорватия мен Канада ойыны «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, аталған топта екінші турда С тобында Польша Сауд Арабиясын, Аргентина Мексиканы тізе бүктірді.

Еске салсақ, D тобында екінші турда Франция құрамасы Даниядан басым түссе, Аустралия Тунисті жеңіп кетті.

Фото: ⓒ Ulmer/Teamfoto/Imago
Соңғы жаңалықтар