Қатар-2022: Франциялық қақпашы өз құрамасының рекордын жаңартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қақпашы Стив Манданда футболдан Франция құрамасының «алаңға шыққан ең егде ойыншы» рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгін ұлттық құраманың 2022 жылғы әлем чемпионаты D тобы үшінші турындағы Туниспен кездесуінде негізгі құрамада жасыл алаңға шықты. Аталған кездесуде олар қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Бұл сәтте оның өмірге келгеніне 37 жыл 247 күн толған еді. Нәтижесінде ол бұған дейін сақталып келген Бернард Ламның көрсеткішін жаңартты. Англияға қарсы шыққан кездесуде ол 37 жастан 148 күн асқан еді.

Стив Манданда 2008 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойнап келеді. Қазір ол өз елінің «Ренн» командасында ойын көрсетеді.

Аталған топта бірінші орын алты ұпаймен Францияға бұйырса, дәл сондай ұпаймен Австралия плей-офф сатысына берілген екінші жолдамаға ие болды.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 1.00-де Польша мен Аргентина ойыны «Qazaqstan», Сауд Арабиясы мен Мексика ойыны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар