Қатар-2022: Франция құрамасы Данияны жеңе ала ма

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының жетінші ойын күнінде, 26 қарашада D тобында екінші турда Дания және Франция құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл топтағы Франция мен Дания кездесуі елорда уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 44 089 жанкүйерге арналған «Стэдиум 974» стадионында өтеді.

Бас төреші – польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмектеседі. Қосалқы төреші – қытайлық Ма Нин.

Екі құрама бұған дейін 18 мәрте кездесті. Оның 8-і Францияның, 8-і Данияның, қалғаны тең ойынмен аяқталды.

Турнир кестесінде Франция үш ұпаймен көш бастап тұр. Ал, Данияның еншісінде небәрі бір ғана ұпай бар. Сондықтан, даниялық футболшылар күш салатыны анық.

Қазірге дейін аталған топа екінші турда Аустралия Тунисті тізе бүктірді. Алғашқы турда Тунис Даниямен 0:0 есебімен тең түссе, Аустралия Францияға 1:4 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, 25 қарашада А тобында Сенегал Қатардан басым түсті.

Ал, аталған топтағы Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты.

В тобында Иран Уэльсті жеңсе, Англия мен АҚШ құрамалары тең ойнады.


Фото: © Fournis par Dailymercato
Соңғы жаңалықтар