Қатар-2022: Бразилия рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

2022 жылғы 29 қараша, 01:15
Қатар-2022: Бразилия рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия футболдан әлем чемпионаты топтық кезеңінде 17 ойында жеңілмеген алғашқы құрама атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бразилиялық футболшылар 28 қарашада Швейцариядан 1:0 есебімен басым түсті. Аталған жеңістен кейін олар жаңа рекордты бағындырды.

G тобында сынға түсіп жатқан Бразилия екі ойыннан кейін алты ұпай жинады. Бір тур бұрын плей-офф сатысына жолдама алды.

Қазірге дейін Бразилия құрамасы бес мәрте әлем чемпионы атанған.

Дегенмен Бразилия құрамасы соңғы 20 жылда үлкен жетістіктерге жете алмай келеді.

Аталған топтағы Швейцарияның үш, Камерун мен Сербияның бір-бірден ұпайы бар.

Енді олар 2 желтоқсанда Камерун құрамасымен шеберлік байқасады.


Ашық көздерден алынған фото

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar