Қатар-2022: Аргентина өз тобынан бірінші орынмен плей-офқа өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында С тобында Польша мен Аргентина құрамалары шешуші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл топта Польшада 4, Аргентина мен Сауд Арабиясында 3, Мексика қоржынында 1 ұпай бар еді.

Сондықтан плей-офф кезеңіне өту үшін үшінші тур қай команда үшін де аса маңызды еді.

Аргентинаны Лионель Месси бастаса, Польша құрамында Роберт Левандовскидей сұрмерген бар-ды.

Поляктарға тең ойын жеткілікті болса, аргентиналықтарға жеңіс ауадай қажет еді. Бірінші таймда нидерландылық төреші Данни Маккели Польша қақпашысы Войцех Щенсны Мессиге қарсы тәртіп бұзды деп есептеп, 11 метрлік айып добын белгіледі. Бірақ Войцех Щенсны Сауд Арабиясымен өткен кездесудегідей ерлік жасап, бұл жолы 39-минутта Мессидің соққысын қайтара білді.

Екінші кезең басталысымен, оң қанатта әдемі ұйымдастырылған шабуылдан кейін Науэль Молинадан пас алған аргентиналық Алексис Макаллистер 46-минутта есеп ашты – 1:0. Оңтүстікамерикалықтар мұнымен тоқтаған жоқ. 68-минутта Энцо Фернандестен пас алған Хулиан Альварес тоғыздықты дәл көздеді – 2:0.

Осылайша, С тобында 6 ұпай жинаған Аргентина бірінші орынға ие болды. Лионель Скалонидің шәкірттері 1/8 финалда Аустралияны сынап көреді.

Жеңіліп қалғанына қарамастан, Польша құрамасы да келесі кезеңге өтті. Поляктар Франциямен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Иран-АҚШ матчы несімен әлем назарын аударып отырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Эквадорды жолдан тайдырған Сенегал плей-офқа шықты.

Нидерланд құрамасының шабуылшысы өз елінің рекордын орнатты.

Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды.

Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін.

Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе Туниспен ойынға қатыспауы мүмкін.

Тунистен ұтылған Франция өз тобында бірінші орынға ие болды.

Әлем чемпионаттарында матч өткізу жөнінен Месси Марадонаның рекордын жаңартты.


Фото: Clive Brunskill / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru


Соңғы жаңалықтар