Қатар-2022: Аргентина құрамасы Австралияны жеңе ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалындағы екінші кездесуде Аргентина-Австралия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 1.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Аль-Райан қаласындағы 45032 жанкүйерге арналған «Ахмед бин Али» стадионында өткізіледі. Бас төреші - польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекшілік жаасйды.. Қосалқы төреші - гватемалалық Марио Эскобар.

FIFA рейтингінде Аргентина - 3, Австралия 38-орында тұр.

Топтық кезеңде Аргентина С тобында алты ұпаймен бірінші орын алды. Олар алдымен Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен жеңіліп, Мексика мен Польшадан 2:0 есебімен басым түсті.

Ал D тобында Австралия алты ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты. Олар Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп, Тунис пен Данияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның бесеуінде аргентиналық, біреуінде австралиялық футболшылар жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 21.00-де Нидерланд пен АҚШ кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды.

Фото: Dan Mullan/Getty Images


Соңғы жаңалықтар